«Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 433 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйым) және қауіпті техникалық құрылғыларды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін нақтылайды.»;
4-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».